Баспасөз орталығы

24.04.2024

Құрметті Алматы облысының кәсіпкерлері!

«Қонаев» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары (әрі қарай – ӘМАТ) бағаларының өсуін тежеу мақсатында, Алматы облысының ӘМАТ өндірушілері мен сауда объектілерін жеңілдікпен несие беруге өтінім қабылдайды: 

- 1 сұрыпты ұн, 1 сұрыпты ұннан жасалған нан, макарон өнімі (рожки), 1 санатты жұмыртқа, қарақұмық жармасы, күріш, қант, тұз, күнбағыс майы және май 72,5%, сиыр еті, тауық еті, сүт 2,5%, айран 2,5%, сүзбе 5-9%. 

Бағаның өсуін тежеу мерзімі – қарыз шартының әрекет ету уақытында; 

- көкөніс өнімдері (картоп, сәбіз, қырыққабат, пияз), бағаның өсуін тежеу мерзімі – 2025 жылдың қаңтары – 2025 жылдың маусымы. 

  • Несие сомасы: 5 млн. теңге және одан жоғары 
  • Сыйақы мөлшерлемесі: жылдық 0,01%;
  • Кепілдемелік қамтамасыз ету: 100%;
  • Бағаларды тұрақтандыру кезеңі: 2024 жылдың қаңтар - 2024 жылдың маусым айлары. 

Алматы облысының әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндіретін және өткізетін өндірушілер мен сауда объектілеріне әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары (ӘМАТ) бағаларының өсуін тежеу мақсатында қарыз берудің негізгі талаптары: 

1. Қарыз кәсіпкерлік субъектілеріне мерзімділік, қайтарымдылық, қамтамасыз етілу, ақылылық талаптарымен ақша қаражаты түрінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары (әрі қарай – ӘМАТ) бағаларын тұрақтандыру тетіктерін іске асыруды қамтамасыз ету жөніндегі комиссиямен (әрі қарай – Комиссия) анықталатын азық-түлік тауарларының тізбесіне сәйкес ӘМАТ бағаларын тұрақтандыруға беріледі. 

2.Қарыз беру үшін кәсіпкерлік субъектісін Комиссия кәсіпкерлік субъектілеріне қойылатын талаптарға (критерилерге) сәйкес анықтайды. 

3.Кәсіпкерлік субъектілеріне ӘМАТ-ты өткізуді Комиссия шешімінің негізінде, ӘМАТ-қа белгіленген бөлшек/көтерме сауда бағаларынан жоғары емес бағада қарыз шартының әрекет ету мерзімі ішінде жүргізеді. 

4.Кәсіпкерлік субъектісі қарыз алуға өтінімін «Қонаев» ӘКК» АҚ-ға Алматы облысының аудандары мен қалалары әкімдерінің және/немесе кәсіпкерлік субъектісінің жазбаша жүгінуі негізінде ұсынылады және Комиссиямен кәсіпкерлік субъектілеріне қойылатын талаптарға (критерилерге) сәйкес анықталады. 

5.Қарыз мерзімі Комиссия шешімі бойынша шарттың қолданылу мерзімін жаңа мерзімге ұзарту мүмкіндігімен, жылдық 0,01% сыйақы мөлшерлемесімен, шарттың қолданылу мерзімінің соңында негізгі қарыз және/немесе сыйақы бойынша ақы төлеу кезеңімен шарт жасалған сәттен бастап 12 айға дейінгі қарыз шартында бірыңғай төлеммен немесе тараптардың келісімі бойынша айқындалады, міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету банк кепілдігі, кепіл, сақтандыру шарты және/немесе үшінші тұлғалардың кепілдігі/кепілгерлігі түрінде ұсынылады.

6.Қарыз мерзімі кешіктірілген берешекті қайта қаржыландыруға берілмейді. 

7.Қарыз ұлттық валютада беріледі. 

Байланыс телефоны: Азық-түлік қауіпсіздігі департаментінің бас менеджері Олжас Қыдырғали 8 705 305 60 78 немесе Қонаев қаласы, 18 шағын аудан, Құрманғазы көшесі 31.