Корпорация туралы

Корпорация туралы

"Қонаев" Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамы-бұл кәсіпкерлердің бастамаларын қолдауға, мемлекеттік-жекешелік әріптестік қағидаттарында Алматы облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына жәрдемдесуге бағытталған өңірлік даму институты.

"Қонаев" Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" АҚ 2022 жылғы қазанда Алматы облысы әкімдігінің 2022 жылғы 11 қазандағы № 322 қаулысы негізінде құрылды. "Қонаев" ӘКК-нің жалғыз акционері Алматы облысының әкімдігі болып табылады.

26.09.2024 жылғы жағдай бойынша Қоғамның жарғылық капиталы 16 494,5 млн теңгені құрайды.

«Қонаев» ӘКК» міндеттері

корпорацияның институционалдық дамуы;

мемлекеттік активтерді басқарудың тиімді жүйесін құру;

өңірлерде бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі қағидаттарын енгізу;

мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізінде бәсекеге қабілетті, экспортқа бағдарланған өндірістер құру;

инвестицияларды тарту және инновацияларды енгізу үшін қолайлы ортаны қалыптастыру;

бизнес-жобаларды, оның ішінде концессиялар мен кластерлік бастамалар негізінде іске асыру;

шағын және орта бизнесті дамыту үшін институционалдық жағдайлар жасау;

пайданы өңірлік әлеуметтік мәселелерді шешуге бағыттау;

ішкі және сыртқы нарықтарда өңірдің экономикалық имиджін ілгерілету;

кластерлік өндірісті дамыту және жаңа технологияларды енгізу арқылы шағын және орта кәсіпкерліктің өнімділігін арттыру;

Мемлекеттік кәсіпорындарды оңалту, қайта құрылымдау, олардың негізінде жаңа бәсекеге қабілетті өндірістер мен технологияларды дамыту;

бизнес-жобалар базасын қалыптастыру, қаржыландыру және оларды іске асыру үшін жағдайлар жасау.

Корпорация қызметінің бағыттары
  • Инвестициялық жобаларды іске асыру;
  • Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру;
  • Еншілес ұйымдарды басқару;
  • «Ауыл Аманаты» ауыл кәсіпкерлеріне несие беру бағдарламасын іске асыру;
  • Мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығын дамыту бағдарламаларын іске асыру;
  • Коммуналдық меншікті басқару;
  • Техника мен жабдықтардың лизингі;
  • Мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде қаржыландыру;
  • Инвестициялық жобаларды іске асыруға қатысу;
  • Әлеуметтік сауда павильондары желісін дамыту;
  • Микронесие беруді дамыту (микроқаржы ұйымын құру);
  • Шағын өндірістік аймақтарды құру.
ӘКК қызметінің бағыттары

ӘКК қызметінің басым бағыттарының бірі агроөнеркәсіптік кешенді дамыту болып табылады. Қоғамның осы бағытты іске асыруында өңірдегі кәсіпкерлік белсенділікті ынталандыру үшін түрлі қаржы құралдары көзделген. Олардың қатарында пайызсыз қарыздар, жеңілдікті несиелеу, лизинг бар.  

"Қонаев" ӘКК құрылыс, жер қойнауын пайдалану және энергетика саласындағы түрлі жобаларды іске асыруға қатысуды жоспарлап отыр.


ӘКК жобаларын іске асыру:  


- қазақстандық экспортты әртараптандыруға жәрдемдесу;

- шағын және орта бизнестің өсуін ынталандыру және ауылдық жерлерде әлеуметтік-экономикалық даму үшін мүмкіндіктер жасау;

- экономика салаларының өнімділігін арттыру, экологиялық таза өндірісті ынталандыру және жер ресурстарының әлеуетін пайдалануды жақсарту.