"Қонаев" Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" АҚ Жалғыз акционерінің шешіміне сәйкес 2024 жылғы 28 тамызда компания 2023 жылғы қызмет қорытындылары бойынша дивидендтер төледі. Төлемге 108,9 млн теңге бағытталды.
Сенім білдірілген өкілдің (агенттің) қызметтерін көрсету шеңберінде "Ауыл Аманаты" микрокредиттеу бағдарламасын іске асыруға "Қонаев "ӘКК" АҚ Алматы облысының бюджетінен 8 267,6 млн теңге бөлді.
"Қонаев "Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" АҚ 2022 жылғы қазанда Алматы облысы әкімдігінің 2022 жылғы 11 қазандағы № 322 қаулысы негізінде құрылды. "Қонаев" ӘКК-нің жалғыз акционері Алматы облысының әкімдігі болып табылады.