Құрметті Алматы облысының кәсіпкерлері!
«Қонаев» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы (ары қарай- ««Қонаев» ӘКК» АҚ) көпқабатты тұрғын үй кешендерінің (ары қарай- КТК) құрылысы бойынша конкурсқа қатысу үшін әлеуетті серіктестерден өтінімдерді қабылдайтыны туралы хабарлайды.
Жобаны іске асыру орны: Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Шелек ауылы.
«Қонаев» ӘКК» АҚ-ның салымы: Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Шелек ауылында орналасқан жалпы ауданы 4,4 га болатын жер телімі (көппәтерлі тұрғын үйлерді жобалауға іздестіру жұмыстарына рұқсаты бар).
Серіктестік нысандары: Бірлескен қызмет (консорциум).
Жобаны (-ларды) іске асыру шарттары:
- КТК тиісті нысаналы мақсаты бар жер телімінде салынады, ол өтініш берушіге (-лерге) «Қонаев» ӘКК» АҚ-нан 5 (бес) жыл мерзімге уақытша өтеулі жер пайдаланудың сатып алынған құқығымен берілетін болады.
- «Қонаев» ӘКК» АҚ-ның жобаға % арақатынаста қатысуы «Қонаев» ӘКК» АҚ жер телімі тиісті рәсімделгеннен кейін, сондай-ақ өтініш беруші (-лер) жобаның құнын ұсынғаннан кейін тәуелсіз бағалау компаниясын тарту жолымен айқындалатын болады.
- Табыс тұрғын үй және/немесе тұрғын емес алаңдары түрінде тараптардың қатысу үлестеріне барабар бөлінетін болады.
- «Қонаев» ӘКК» АҚ үлесін қайтару мерзімі КТК пайдалануға берілгеннен кейін 3 (үш) айдан кешіктірілмеуі тиіс.
- Өтініш берушіні (-лерді) іріктеу қаржылық көрсеткіштер мен «Қонаев» ӘКК» АҚ ұсынған жобадан ТБК бағалау құнынан төмен емес тұрғын және тұрғын емес алаңдардың шаршы метр түріндегі қайтарымды үлесті негізге (оның ішінде табыс) ала отырып жүзеге асады.
- Міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етуді жобаның жалпы құнынан 3 % мөлшерінде келесі нысанда ұсыну:
- ақша қаражатын салу және/немесе
- банктік кепілдік және/немесе
- сақтандыру шарттары және/немесе
- кепіл мүлкі.
Өтініш берушілерге қойылатын біліктілік талаптары:
1. Келесілердің болуы:
- Алматы облысының аумағында кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркелу;
- өтінім берушінің қаржылық және өзге де есептілікке сәйкес өтінім беру күнінің алдындағы соңғы 2 (екі) жыл ішіндегі залалсыз қызметі. Заңды тұлғаны тіркеу мерзімі 2 (екі) жылдан кем болған жағдайда-қызмет тіркелген кезден бастап барлық кезең ішінде залалсыз болуға тиіс;
- І-ІІ санаттағы құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуге, оның ішінде консорциум шеңберінде лицензиялар (қатысушылардың бірінде болуы);
- тұрғын үй ғимараттарын салу тәжірибесін растау (көппәтерлі тұрғын үйлердің іске асырылған құрылыс объектілерінің, оның ішінде Тапсырыс беруші, мердігер (бас мердігер) ретінде тәжірибесінің болуы, көлемі кемінде 3 жыл, Республикалық маңызы бар қалаларда, астанада құрылыс кезінде ауданы кемінде 18 000 ш. м. және өзге де әкімшілік-аумақтық бірліктерде кемінде 9 000 ш. м. оның ішінде консорциум шеңберінде (қатысушылардың бірінде болуы);
- ұсынылатын жобаға (жобаларға) үлестік қатысуды ұйымдастыру жөніндегі қызметті жүзеге асырған жағдайда, «Қазақстандық тұрғын үй компаниясы» АҚ арқылы үлескерлердің қаражатын тартуға рұқсат алуда оң тәжірибенің болуы (кепілдік);
- қаржылық қамтамасыз ету. Жоба құнының кемінде 10% (банктерден үзінді-көшірме) өз қаражатының болуы туралы растайтын құжаттарды ұсына отырып, өтініш берушінің (- лердің) КТК құрылысын қаржыландыруды қамтамасыз ету қажеттілігін көздейді.
2. Келесілердің болмауы:
1) теріс несиелік тарих (соңғы 36 айда үздіксіз мерзімі 180 күнтізбелік күннен асатын қаржы институттары алдындағы өтелмеген/мерзімі өткен/берешек/мерзімі өткен міндеттемелер);
2) соңғы есепті кезеңдегі салықтар және бюджетке төленетін басқа да төлемдер бойынша берешектер;
3) бірлескен қызметке теріс әсер етуі мүмкін сот процестері/талқылаулары.
Құжаттар тізбесі (көшірмелері):
- Қатысуға өтініш (1-қосымша);
- Өтініш берушінің, Бас мердігердің құрылтай құжаттамасы: заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы куәлік/анықтама, Жарғы, құрылтай шарты (Жарғыда қатысушылар туралы, сондай-ақ оның жарғылық капиталдағы үлесінің мөлшері туралы толық ақпарат болмаған жағдайда). Өтініш берушіде, Бас мердігерде жарғылық капиталында 10% – дан астам үлесі бар қатысушылар болған кезде жеке тұлғалар бойынша – жеке басын куәландыратын құжаттарды, заңды тұлғалар бойынша-бенефициарлық меншік иесін анықтау үшін құрылтай құжаттарын және акцияларды (қатысу үлесін) ұстаушылардың тізілімін ұсыну қажет;
- Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 1133 бұйрығына сәйкес талап бойынша Бизнес-жоспар;
- Заңды тұлғаға қатысушы заңды тұлғаның қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы куәлік (нотариалды куәландырылған көшірмелері);
- Өтініш берушінің атқарушы органын және өтініш берушінің бас бухгалтерін тағайындау туралы бұйрық (заңды тұлғаның мөрімен куәландырылған түпнұсқасы не көшірмесі).
- Барлық несие берушілер көрсетілген өтініш берушінің жазбаша анықтамасы (ақпараты), әрбір несие беруші бойынша ашық жазылған берешек сомасы. Берешек сомасы өтініш берушінің жобаға қатысу үлесінің 1% - нан асатын несие берушілердің салыстыру актілері, өтініш берілген күннен ерте емес күнге;
- Заңды тұлғаның бірінші басшысының, бас бухгалтердің, заңды тұлғаға қатысушы жеке тұлғалардың жеке куәліктерінің көшірмелері;
- Өтініш берушінің дербес деректерін жинауға және өңдеуге келісім: заңды тұлғаның бірінші басшысы, бас бухгалтер, заңды тұлғаға қатысушы жеке тұлғалар;
- Өтініш берушінің барлық банктік шоттары мен деректемелерінің болуы туралы анықтама;
- Өтініш берушінің қатысушыларының жалпы жиналысының хаттамасы/өтініш берушінің жалғыз қатысушысының өтініш берушінің атқарушы органын тағайындау туралы шешімі (көшірмелері);
- Өтініш берушінің атынан құжаттарға қол қоюға уәкілетті адамдардың қолдары мен мөрлерінің бедерлерінің үлгілері бар құжаттар (нотариалды куәландырылған көшірме);
- Қатысушылардың/акционерлердің нотариалды куәландырылған қолдарымен мәміленің елеулі талаптары бар инвестициялық жобаны (2 және 3-қосымшалар) іске асыру туралы өтініш берушінің заңды тұлғасының уәкілетті органының шешімі, директорды сайлау туралы уәкілетті органның бұйрығы мен шешімі, бас бухгалтерді тағайындау туралы бұйрық (төменде қоса берілген үлгіге сәйкес);
- Екінші деңгейдегі барлық қызмет көрсететін банктерден, қаржы және микронесиелік ұйымдардан соңғы 12 ай бойынша айналымдар, берешек туралы анықтамалар.
- Қаржылық қамтамасыз етудің бар екендігін растау үшін:
- Банктерден үзінді көшірме, қолданыстағы активтерді бағалау туралы есептер және т. б., жобаның қалдық құнын қамтамасыз ету үшін несиелік желіні ашу мүмкіндігіне қатысты Екінші деңгейдегі банктің хаты және / немесе
- Жобаның жалпы құны бойынша қаржыландыру шарты/қаржыландыру туралы келісім және / немесе
- Екінші деңгейдегі банктің өтінім берушінің жобаға қатысу үлесін қамтамасыз ету үшін несиелік желі ашу мүмкіндігіне қатысты хаты (жобаның жалпы құнына қарыз қаражаты тартылған жағдайда).
- Несие бюросының есебі;
- Мемлекеттік кірістер органдарында берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер;
- Соңғы 3 жылдағы қаржылық есептілік (оның ішінде консорциумды ұйымдастыру кезінде);
- Салық комитетінің белгісі бар соңғы есепті жыл үшін есепті тапсыру туралы хабарлама;
- Штат кестесі (қолда бар еңбек ресурстары);
- Портфолио.
Өтініш берушілерден өтінімдер Қазақстан Республикасы, Қонаев қаласы, 18 ш/а., Құрманғазы көшесі, 31мекенжайы бойынша осы хабарландыру жарияланған күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде қабылданады. spk.qonaev@gmail.com
Қосымша ақпаратты 8-707-353-93-08 (К.А.Жексембаев), 8-775-949-49-11 (Ш. Б. Қосанов) телефондары арқылы алуға болады.
Қосымшалар (каз.).docx