Әлеуметтік павильондарды ұйымдастыру үшін кәсіпкерлік субъектілерімен бірлескен қызмет бойынша ашық конкурсты жариялау
«Қонаев» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Қоғам) Қоғамның жер учаскесінде 1 (бір) жыл мерзімге әлеуметтік павильон (стационарлық емес сауда нысаны) ұйымдастыруға келесі шарттар бойынша ашық конкурс өткізетінін хабарлайды:
№ |
Құжаттың атауы |
1 |
Өтініш берудің қысқаша мазмұнымен хат. |
2 |
Белгіленген үлгі бойынша өтініш. |
3 |
Өтiнiш берушiнiң жеке кәсiпкер/шаруа қожалығы ретiндегi құқықтық мәртебесiн растайтын құжаттар (жеке кәсiпкердi мемлекеттiк тiркеу туралы анықтама/куәлік/кәсiпорын бiрлескен кәсiпкерлiк нысанында құрылса, куәлiкке қосымша/кәсiпорынның құрамы туралы анықтама). |
4 |
Жеке кәсіпкер/шаруа қожалығы басшысының жеке куәлігі, шаруа қожалығының бірнеше мүшесі болған жағдайда, барлық мүшелерінің жеке куәліктерінің көшірмелері. |
5 |
Соңғы 3 жылға салықтық декларация, форма: 920, 910, 220, 200, 100, 300 |
6 |
Қызмет көрсетуші банктен ай басындағы және аяғындағы, соңғы 12 айдағы ақшаның кіріс және шығыс қалдықтарын көрсететін шоттардың, қарыздардың/мерзімі өткен берешектің, айналымның бар-жоғы туралы анықтамасы, К-2 бойынша берешектің бар-жоғы туралы (анықтама жобаны қарау күніне дейін 1 айдан ерте емес беріледі). |
7 |
Соңғы есепті тоқсанда Өтініш берушінің өтініш берген күннің алдында салық берешегі, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі болмауы (болуы) туралы анықтама, немесе салық органдары берген салыстыру актісі. |
8 |
Несиелік бюродан есеп (несие тарихы). |
9 |
Қаржылық негіздемесі көрсетілген бизнес-жоспар. |
10 |
Жобаның бизнес-жоспарына сәйкес сомада қаржылық қамтамасыз етудің болуын растайтын құжат. |
№ |
Құжаттың атауы |
1 |
Өтініш берудің қысқаша мазмұнымен хат. |
2 |
Белгіленген үлгі бойынша өтініш. |
3 |
Жарғы және жарғылық келісім шарт (2 және одан көп құрылтайшы болған жағдайда). |
4 |
Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлік. |
5 |
- Басшысының жеке куәлігі; - Бейрезидентті салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қою туралы куәлік (егер басқарушы шетел азаматы болса); - Өтініш берушінің уәкілетті органының атқарушы органды құру туралы, АҚ Директорлар кеңесін сайлау/тағайындау және директорды тағайындау туралы шешімі/сенімхаты оның уәкілетті тұлғаға қол қоюға өкілеттігін растайтын өтініш берушінің атынан құжаттама. |
6 |
Қарыз алушының соңғы тоқсандағы және соңғы үш есепті жылдағы қаржылық есеп беруінің (бухгалтерлік баланс, пайдалар мен залалдар туралы есеп, ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп, меншікті капиталдағы өзгерістер туралы есеп) бірінші басшының, бас бухгалтер қолымен және мөрімен расталған балансы; бар болса, аудиттелген қаржылық есептілік. |
7 |
Өтініш берушінің салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқтығын растайтын анықтама (анықтама беру күні өтініш берген күнге дейін 1 айдан кешіктірілмей). |
8 |
Несиелік бюродан есеп (несие тарихы). |
9 |
Қаржылық негіздемесі көрсетілген бизнес-жоспар. |
10 |
Жобаның бизнес-жоспарына сәйкес сомада қаржылық қамтамасыз етудің болуын растайтын құжат. |
11 |
Соңғы 3 жылға салықтық декларация, форма: 920, 910, 220, 200, 100, 300 |
12 |
Қызмет көрсетуші қаржы ұйымдарынан (банктерден, лизингтік компаниялардан, несиелік серіктестіктерден және несиелік ұйымдардан) несие берешегінің бар (жоқ) және шоттарының бар-жоғы туралы, айналымдар туралы есеп айырысу басындағы және аяғындағы ақшаның кіріс және шығыс қалдықтары көрсетілген анықтамалар. өтініш бергенге дейінгі соңғы 12 айдағы банктік шот бойынша ай – түпнұсқа. Несие бойынша берешек болған жағдайда несиелік тарих құжаттарының көшірмелері (шарттар, кестелер) ұсынылады. |
"Қонаев "ӘКК" АҚ Алматы облысының Қонаев қаласында ӘМАТ сату бойынша әлеуметтік павильондарын орнату үшін жоспарланған жер учаскелерінің тізімі
№ |
Орналасқан жері |
1 |
2 шағын аудан, №8 үйдің соңынан,"Салтанат" аялдамасына қарама-қарсы |
2 |
2 шағын аудан, №1 үйдің соңынан, "STS"автомагистраліне қарама-қарсы |
3 |
5 шағын аудан, Абай көшесіндегі Қонаев қалалық емханасының автотұрағының жанында |
4 |
"Спутник" шағынауданы, Сейфуллин көшесі №1 үйінің жанында, "Бригантина" дүкенінің жанында |
5 |
"Строитель" ПКСО (№4 саяжай), "Ақжол"дүкенінің жанында |
Өтініш берушілердің назарына:
1) Әлеуетті серіктестер белгіленген құжаттар тізбесі мен өтінімінің электронды сканерленген түрлі-түсті көшірмесі Қоғамның spk.qonaev@gmail.com электрондық поштасына жіберіледі.
Қажет болған жағдайда Қоғам салыстыру үшін құжаттардың түпнұсқасын сұратуға құқылы;
2) Толық көлемде берілмеген және талаптарға сәйкес келмейтін, жалған мәліметтерді қамтитын құжаттар пакеті, оның ішінде ұқыпсыз орындалған (қолы қойылмаған, мөр қойылмаған және т.б.) қарауға қабылданбайды.
Байланыс тұлғасы – Турысбеков Жандос, тел.: +7 777 156 15 39.