«Қонаев» ӘКК» АҚ кәсіпкерлерді ынтымақтастыққа шақырады!
«Қонаев» ӘКК» АҚ-ы 2025 жылғы егіннің көкөніс өнімдері (ерте пісетін/күзгі егін), тауық еті мен сүт өнімдеріне бағаны тұрақтандыру аясында 1 жыл мерзімге және 0,01% жылдық пайызбен жеңілдетілген несие беру үшін кәсіпкерлерден өтінімдер қабылдауды жариялайды.
Қосымша ақпарат алу үшін мына телефон нөміріне хабарласыңыз: Азық-түлік қауіпсіздігі департаменті +7 705 305 60 78 немесе Қонаев қаласы, 18 шағын аудан, Құрманғазы көшесі 31.
Өтінішті мына электронды поштаға жібере аласыз: spk.qonaev@gmail.com.
Қарыздың негізгі шарттарымен ресми сайтта таныса аласыз: spk-qonaev.kz ресми сайтында «Алматы облысының әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру тетіктерін іске асыру» бөлімі арқылы танысуға болады.