«Қонаев» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы бағалардың өсуін тежеу және Алматы облысы тұрақтандыру қорының әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларын халыққа қол жетімді болуын қамтамасыз ету мақсатында, азық-түлік тауарларын бөлшекті сататын сауда субъектілерін әріптестікке шақырады. Тұрақтандыру қорынан тауарлар сату үшжақты агенттік келісімдер негізінде жүргізіледі. Келісімнің негізі - халыққа әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларын нарықтық бағадан 10-15% төмен белгіленген бағада сату болып табылады.
Әріптестік шарттары бойынша «Қонаев» ӘКК» АҚ Азық-түлік қауіпсіздігі департаменті, Турысбеков Жандосқа 8 777 156 15 39 телефоны арқылы хабарласуға немесе Қонаев қаласы, 18 шағын аудан, Құрманғазы №31 ғимараты бойынша жүгінуге болады.