Баспасөз орталығы

04.12.2024

Қонаев қ. ғимарат салу жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімдер қабылдау жарияланады (Қайта жариялау)

Құрметті Алматы облысының кәсіпкерлері!

 

«Қонаев» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «Қонаев» ӘКК» АҚ) өтініш берушілерден ғимаратты салу жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімдердің қабылдайтыны туралы хабарлайды.

 Жобаны іске асыру орны: Қонаев қ.

«Қонаев» ӘКК» АҚ салымы: Қонаев қаласында орналасқан, жалпы ауданы 1,4 га жер телімі (ғимаратты жобалауға іздестіру жұмыстарына қолданыстағы рұқсаттармен).

 Ынтымақтастық нысандары: Бірлескен қызмет (консорциум).

 Жобаны (-ларды) іске асыру шарттары:

  • Ғимарат тиісті нысаналы мақсаты бар, сатып алынған уақытша өтеулі жер пайдалану құқығымен «Қонаев» ӘКК» АҚ-нан Өтініш берушіге 5 (бес) жыл мерзімге берілетін жер телімінде салынады.
  • Өтініш беруші жобаны іске асыруда: ғимарат құрылысына инвестиция (ақшалай қаражаттың) салуды, одан әрі пайдалануды және кіріс алуды (жедел басқару) қамтамасыз етеді.
  • Өтінім берушіні (-лерді) іріктеу қаржылық көрсеткіштерге, жобаның (-лардың) рентабельділік дәрежесіне және «Қонаев» ӘКК» АҚ ұсынып отырған өтімді коммерциялық алаңның шаршы метр түріндегі жобаға қатысу үлесіне (тәуелсіз бағалау компаниясының бағалау құнынан төмен емес есебімен) сүйене отырып жүзеге асырылатын болады.
  • «Қонаев» ӘКК» АҚ (%) қатысу үлесін бағалау үшін тәуелсіз бағалау компаниясы (бұдан әрі – ТБК) тартылатын болады. Бағалау тиісті рәсімделген жер телімінің негізінде, сондай-ақ өтініш беруші жобаның құнын ұсынғаннан кейін жүргізілетін болады.
  • Ғимаратты пайдалануға берілгеннен кейін өтініш беруші 3 (үш) айдан кешіктірмей «Қонаев» ӘКК» АҚ-ның қатысу үлесіне сәйкес келетін ғимарат аумағында өтімді коммерциялық алаңдарды (қоғамдық тамақтану, конференцзал және т.б. (келісім бойынша)) беру жолымен «Қонаев» ӘКК» АҚ-ның салымын қайтаруды жүзеге асырады.
  • Қоғамның табысы 5-тармақта көрсетілген коммерциялық алаңды жедел басқарудан алынған табыс болып табылады, оны өтініш беруші/өзге тұлға Қоғаммен тиісті шарт жасасу жолымен жүзеге асыратын болады.

Өтініш берушілерге қойылатын біліктілік талаптары:

1. Келесілердің болуы:

  • Алматы облысының аумағында кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркелу;
  • өтінім берушінің қаржылық және өзге де есептілікке сәйкес өтінім беру күнінің алдындағы соңғы 2 (екі) жыл ішіндегі залалсыз қызметі. Заңды тұлғаны тіркеу мерзімі 2 (екі) жылдан кем болған жағдайда-қызмет тіркелген кезден бастап барлық кезең ішінде залалсыз болуға тиіс.
  • І-ІІ санаттағы құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуге, оның ішінде консорциум шеңберінде лицензиялар (қатысушылардың бірінде болуы);
  • қаржылық қамтамасыз ету, яғни өтініш берушінің ғимарат құрылыс жобасына қатысу үлесін қаржыландыруды қамтамасыз ету мүмкіндігі:

- жоба құнының кемінде 10% -ы (банктерден үзінді-көшірме)мөлшерінде меншікті қаражаттарының болуын растайтын құжаттар, қолданыстағы активтерді бағалау туралы есептер және т.б.) құны 10% - дан аспайтын, жобаның қалдық құнына несиелік желіні ашу (несиелік желіні ашу мүмкіндігіне қатысты Екінші деңгейдегі банктің хаты) және/немесе

- жобаның жалпы құны бойынша қаржыландыру шарты/қаржыландыру туралы келісім және/немесе

- жобаның жалпы құнына қарыз қаражаты тартылған жағдайда, өтініш берушінің жобаға қатысу үлесін қамтамасыз ету үшін несиелік желі ашу мүмкіндігіне қатысты Екінші деңгейдегі банктің хаты.

2. Келесілердің болмауы:

  • 1) теріс несиелік тарих (соңғы 36 айда үздіксіз мерзімі 180 күнтізбелік күннен асатын қаржы институттары алдындағы өтелмеген/мерзімі өткен/берешек/мерзімі өткен міндеттемелер);
  • 2) соңғы есепті кезеңдегі салықтар және бюджетке төленетін басқа да төлемдер бойынша берешектер;
  • 3) бірлескен қызметке теріс әсер етуі мүмкін сот талқылаулары.

 

Құжаттар тізбесі (көшірмелері):

  1. Қатысуға өтініш (1-қосымша);
  2. Өтініш берушінің, Бас мердігердің құрылтай құжаттамасы: заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы куәлік/анықтама, Жарғы, құрылтай шарты (Жарғыда қатысушылар туралы, сондай-ақ оның жарғылық капиталдағы үлесінің мөлшері туралы толық ақпарат болмаған жағдайда). Өтініш берушіде, Бас мердігерде жарғылық капиталында 10% – дан астам үлесі бар қатысушылар болған кезде жеке тұлғалар бойынша – жеке басын куәландыратын құжаттарды, заңды тұлғалар бойынша-бенефициарлық меншік иесін анықтау үшін құрылтай құжаттарын және акцияларды (қатысу үлесін) ұстаушылардың тізілімін ұсыну қажет;
  3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 1133 бұйрығына сәйкес талап бойынша Бизнес-жоспар (2-қосымша);
  4. Заңды тұлғаға қатысушы заңды тұлғаның қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы куәлік (нотариалды куәландырылған көшірмелері);
  5. Өтініш берушінің атқарушы органын және өтініш берушінің бас бухгалтерін тағайындау туралы бұйрық (заңды тұлғаның мөрімен куәландырылған түпнұсқасы не көшірмесі).
  6. Барлық несиегерлер көрсетілген өтініш берушінің жазбаша анықтамасы (ақпараты), әрбір несиегер бойынша ашық жазылған несиегерлер алдындағы берешек сомасы. Берешек сомасы өтініш берушінің жобаға қатысу үлесінің 1% - нан асатын несиегерлермен салыстыру актілері, өтініш берілген күннен ерте емес күнге;
  7. Заңды тұлғаның бірінші басшысының, бас бухгалтердің, заңды тұлғаға қатысушы жеке тұлғалардың жеке куәліктерінің көшірмелері;
  8. Өтініш берушінің дербес деректерін жинауға және өңдеуге келісім: заңды тұлғаның бірінші басшысы, бас бухгалтер, заңды тұлғаға қатысушы жеке тұлғалар;
  9. Өтініш берушінің барлық банктік шоттары мен деректемелерінің болуы туралы анықтама;
  10. Өтініш берушінің қатысушыларының жалпы жиналысының хаттамасы/өтініш берушінің жалғыз қатысушысының өтініш берушінің атқарушы органын тағайындау туралы шешімі (көшірмелері);
  11. Өтініш берушінің атынан құжаттарға қол қоюға уәкілетті адамдардың қолдары мен мөрлерінің бедерлерінің үлгілері бар құжаттар (нотариалды куәландырылған көшірме);
  12. Қатысушылардың/акционерлердің нотариалды куәландырылған қолдарымен мәміленің елеулі талаптары бар инвестициялық жобаны (2 және 3-қосымшалар) іске асыру туралы өтініш берушінің заңды тұлғасының уәкілетті органының шешімі, директорды сайлау туралы уәкілетті органның бұйрығы мен шешімі, бас бухгалтерді тағайындау туралы бұйрық (төменде қоса берілген үлгіге сәйкес);
  13. Екінші деңгейдегі барлық қызмет көрсететін банктерден, қаржы және микронесиелік ұйымдардан соңғы 12 ай өтінім берілген күннен кемінде күнтізбелік 30 күн ішінде шоттар бойынша айналымдар, берешек туралы анықтамалар.
  14. Қаржылық қамтамасыз етудің бар екендігін растау үшін:

- Банктерден үзінді көшірме, қолданыстағы активтерді бағалау туралы есептер және т. б., жобаның қалдық құнын қамтамасыз ету үшін несиелік желіні ашу мүмкіндігіне қатысты Екінші деңгейдегі банктің хаты және / немесе

- Жобаның жалпы құны бойынша қаржыландыру шарты/қаржыландыру туралы келісім және / немесе

- Екінші деңгейдегі банктің өтінім берушінің жобаға қатысу үлесін қамтамасыз ету үшін несиелік желі ашу мүмкіндігіне қатысты хаты (жобаның жалпы құнына қарыз қаражаты тартылған жағдайда).

     15. Несие бюросының есебі;

     16. Мемлекеттік кірістер органдарында берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер;

     17. Соңғы 3 жылдағы қаржылық есептілік (оның ішінде консорциумды ұйымдастыру кезінде);

     18. Салық комитетінің белгісі бар соңғы есепті жыл үшін есепті тапсыру туралы хабарлама;

     19. Штат кестесі (қолда бар еңбек ресурстары);

     20. Портфолио.

Өтініш берушілерден өтінімдер Қазақстан Республикасы, Қонаев қаласы, 18 ш/а., Құрманғазы көшесі, 31мекенжайы бойынша осы хабарландыру жарияланған күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде қабылданады. spk.qonaev@gmail.com 

Қосымша ақпаратты 8-707-353-93-08 (К.А.Жексембаев), 8-775-949-49-11 (Ш. Б. Қосанов) телефондары арқылы алуға болады.