Баспасөз орталығы

03.05.2024

Ашық конкурсты қайта жариялау (аяқталды)

Әлеуметтік павильондарды ұйымдастыру үшін кәсіпкерлік субъектілерімен бірлескен қызмет бойынша АШЫҚ КОНКУРСТЫ ҚАЙТА ЖАРИЯЛАУ

«Қонаев» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы 1 (бір) жыл мерзімге одан әрі ұзарту шартымен Қоғамның жер учаскесінде әлеуметтік павильонды (стационарлық емес сауда нысанын) ұйымдастыруға конкурс жариялайды. Конкурстың негізігі талабы - «Қонаев» ӘКК» АҚ тұрақтандыру қорының әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын бірлескен қызмет туралы шартқа сәйкес ҚҚС қоса алғанда, сауда үстемеақысының 10%-дан аспайтын белгіленген бағамен сату. Ашық конкурсқа өтінімдерді қабылдау мерзімі - жарияланған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні. 

Конкурсқа қатысуға өтінімдер: Алматы облысы, Қонаев қаласы, 18 шағын аудан, Құрманғазы көшесі №31 ғимарат мекен-жайы бойынша қабылданады. Ашық конкурсты өткізудің шарттары мен рәсімдері туралы «Қонаев» ӘКК» АҚ-ның менеджері Турысбеков Жандосқа +7 777 156 15 39 хабарласуға болады.