Құрметті кәсіпкерлер!
«Қонаев» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі — «Қонаев» ӘКК» АҚ) мүдделі кәсіпкерлерді (бұдан әрі — өтініш берушілерді) активті басқаруға іріктеуге қатысуға шақырады.
Актив сипаттамасы:
Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Желтоқсан көшесі, 112 мекенжайында орналасқан 5 қабаттан тұратын әкімшілік ғимарат. Ғимараттың жалпы ауданы 4 400 ш.м. құрайды, оның жалпы ауданы 1 994,6 ш.м. тұратын 1-ші, 2-ші және 3-ші қабаттарын жалға алуға болады:
- 1- қабат: 361,4 ш.м;
- 2- қабат: 688,4 ш.м;
- 3- қабат: 944,8 ш.м.
Басқару мақсаты:
- Әкімшілік ғимаратты тиімді пайдалану.
- Өтініш беруші мен «Қонаев» ӘКК» АҚ арасында пайданы кейіннен бөле отырып, табыс генерациясы.
Сенімгерлік басқару шарттары:
Активті беру
- Әкімшілік ғимарат Өтініш берушіге сатып алу құқығынсыз басқаруға келесдей міндеттемелермен беріледі:
- активті сақтау және дамыту.
- Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын ескере отырып, активті басқару мақсаттарына сәйкес пайдалану.
- пайданы генерациялау және оны «Қонаев» ӘКК» АҚ қатысу үлесіне пропорционалды бөлу.
Өтініш Берушінің міндеттері
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Өтініш беруші:
- ғимаратты дамытуға және пайдалануға қажетті инвестицияларды жүзеге асыру.
- басқару шартының талаптарын Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне толық сәйкес орындау.
- еңбекті қорғау, қауіпсіздік, экология, сондай-ақ салық салу жөніндегі талаптардың орындалуын қамтамасыз ету.
- қызмет туралы тұрақты есептер мен активтің жай-күйі туралы ақпарат беру.
- табыс алу үшін оны тиімді пайдалануды қамтамасыз ете отырып, активті «Қонаев» ӘКК» АҚ мүддесіне сақтау және дамыту.
Өтініш берушілерді іріктеу келесідей критерийлер бойынша бағаланатын болады:
- өтініш берушінің қаржылық жағдайы.
- активтерді басқарудың ұсынылған тәсілінің рентабельділігі мен болашағы.
- ұсынылған бизнес-жоспардың сапасы.
Өтініш беру шарттары:
Іріктеуге қатысу үшін мыналарды ұсыну қажет:
- Белгіленген үлгідегі өтініш.
- Бизнес-жоспар.
- Өтініш берушінің қаржылық тұрақтылығын растайтын құжаттар.
Қосымша ақпаратты келесі телефон нөмірлері арқылы алуға болады: +7 (701) 716-78-33 Алмаз, +7 (701) 053-88-78 Арыстан, +7 (705) 542-45-40 Өмірсерік.