Баспасөз орталығы

12.06.2025

Алматы қаласында «Қонаев» ӘКК» АҚ активін басқаруға өтініштерді қабылдау туралы хабарландыру (қайта жариялау) (аяқталды)

Құрметті кәсіпкерлер!


«Қонаев» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі — «Қонаев» ӘКК» АҚ) мүдделі кәсіпкерлерді (бұдан әрі — өтініш берушілерді) активті басқаруға іріктеуге қатысуға шақырады.

Актив сипаттамасы:

Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Желтоқсан көшесі, 112 мекенжайында орналасқан 5 қабаттан тұратын әкімшілік ғимарат. Ғимараттың жалпы ауданы 4 400 ш.м. құрайды, оның жалпы ауданы 1 994,6 ш.м. тұратын 1-ші, 2-ші және 3-ші қабаттарын жалға алуға болады:

  • 1- қабат: 361,4 ш.м;
  • 2- қабат: 688,4 ш.м;
  • 3- қабат: 944,8 ш.м.

Басқару мақсаты:

  • Әкімшілік ғимаратты тиімді пайдалану.
  • Өтініш беруші мен «Қонаев» ӘКК» АҚ арасында пайданы кейіннен бөле отырып, табыс генерациясы.

Сенімгерлік басқару шарттары:
Активті беру

  1. Әкімшілік ғимарат Өтініш берушіге сатып алу құқығынсыз басқаруға келесдей міндеттемелермен беріледі:
  2. активті сақтау және дамыту.
  3. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын ескере отырып, активті басқару мақсаттарына сәйкес пайдалану.
  4. пайданы генерациялау және оны «Қонаев» ӘКК» АҚ қатысу үлесіне пропорционалды бөлу.

Өтініш Берушінің міндеттері

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Өтініш беруші:

  • ғимаратты дамытуға және пайдалануға қажетті инвестицияларды жүзеге асыру.
  • басқару шартының талаптарын Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне толық сәйкес орындау.
  • еңбекті қорғау, қауіпсіздік, экология, сондай-ақ салық салу жөніндегі талаптардың орындалуын қамтамасыз ету.
  • қызмет туралы тұрақты есептер мен активтің жай-күйі туралы ақпарат беру.
  • табыс алу үшін оны тиімді пайдалануды қамтамасыз ете отырып, активті «Қонаев» ӘКК» АҚ мүддесіне сақтау және дамыту.

    Өтініш берушілерді іріктеу келесідей критерийлер бойынша бағаланатын болады:
  • өтініш берушінің қаржылық жағдайы.
  • активтерді басқарудың ұсынылған тәсілінің рентабельділігі мен болашағы.
  • ұсынылған бизнес-жоспардың сапасы.

Өтініш беру шарттары:

Іріктеуге қатысу үшін мыналарды ұсыну қажет:

  • Белгіленген үлгідегі өтініш.
  • Бизнес-жоспар.
  • Өтініш берушінің қаржылық тұрақтылығын растайтын құжаттар.

Құжаттар тізбесі (көшірмелері):

  1. Қатысуға өтініш (1-қосымша);
  2. Өтініш берушінің құрылтай құжаттамасы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы Бас куәлік/анықтама, жарғы, құрылтай шарты (Жарғыда қатысушылар туралы, сондай-ақ оның жарғылық капиталдағы үлесінің мөлшері туралы толық ақпарат болмаған жағдайда).
  3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 1133 бұйрығына сәйкес талап бойынша Бизнес-жоспар (2-қосымша);
  4. Заңды тұлғаның қатысушылары- заңды тұлғаның қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы куәлік (нотариалды куәландырылған көшірмелері);
  5. Өтініш берушінің атқарушы органын және Өтініш берушінің бас бухгалтерін тағайындау туралы бұйрық (заңды тұлғаның мөрімен куәландырылған түпнұсқасы не көшірмесі).
  6. Барлық несиегерлер көрсетілген өтініш берушінің жазбаша анықтамасы (ақпараты), әрбір несиегер бойынша ашық жазылған несиегерлер алдындағы берешек сомасы. Берешек сомасы өтініш берушінің жобаға қатысу үлесінің 1% - нан асатын несиегерлермен салыстыру актілері, өтініш берілген күннен ерте емес күнге;
  7. Заңды тұлғаның бірінші басшысының, бас бухгалтердің, заңды тұлғаға қатысушы жеке тұлғалардың жеке куәліктерінің көшірмелері;
  8. Өтініш берушінің дербес деректерін жинауға және өңдеуге келісім: заңды тұлғаның бірінші басшысы, бас бухгалтер, заңды тұлғаның қатысушылары- жеке тұлғалар;
  9. Өтініш берушінің барлық банктік шоттары мен деректемелерінің болуы туралы анықтама;
  10. Өтініш берушінің қатысушыларының жалпы жиналысының хаттамасы/Өтініш берушінің Жалғыз қатысушысының Өтініш берушінің атқарушы органын тағайындау туралы шешімі (көшірмелері);
  11. Өтініш берушінің атынан құжаттарға қол қоюға уәкілетті адамдардың қолдары мен мөрлерінің бедерлерінің үлгілері бар құжаттар (нотариалды куәландырылған көшірме);
  12. Қатысушылардың/акционерлердің нотариалды куәландырылған қолдарымен мәміленің елеулі талаптары бар инвестициялық жобаны (2 және 3-қосымшалар) іске асыру туралы өтініш берушінің заңды тұлғасының уәкілетті органының шешімі, директорды сайлау туралы уәкілетті органның бұйрығы мен шешімі, бас бухгалтерді тағайындау туралы бұйрық (төменде қоса берілген үлгіге сәйкес);
  13. Екінші деңгейдегі барлық қызмет көрсететін банктерден, қаржы және микронесиелік ұйымдардан соңғы 12 ай өтінім берілген күннен кемінде күнтізбелік 30 күн ішінде шоттар бойынша айналымдар, берешек туралы анықтамалар.
  14. Қаржылық қамтамасыз етудің бар екендігін растау үшін:
    - Банктерден үзінді көшірме, қолданыстағы активтерді бағалау туралы есептер және т. б., жобаның қалдық құнын қамтамасыз ету үшін несиелік желіні ашу мүмкіндігіне қатысты Екінші деңгейдегі банктің хаты және / немесе
    - Екінші деңгейдегі банктің Өтініш берушінің жобаға қатысу үлесін қамтамасыз ету үшін несиелік желі ашу мүмкіндігіне қатысты хаты (жобаның жалпы құнына қарыз қаражаты тартылған жағдайда).
  15. Несие бюросының есебі;
  16. Мемлекеттік кірістер органдарында берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер;
  17. Бар болған жағдайда соңғы 2 жылдағы қаржылық есептілік (оның ішінде консорциумды ұйымдастыру кезінде);
  18. Салық комитетінің белгісі бар соңғы есепті жыл үшін есепті тапсыру туралы хабарлама;
  19. Штат кестесі (қолда бар еңбек ресурстары);
  20. Портфолио.

    Өтініш берушілерден өтінімдер Қазақстан Республикасы, Қонаев қаласы, 18 ш/а., Құрманғазы көшесі, 31мекенжайы, spk.qonaev@gmail.com бойынша осы хабарландыру жарияланған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қабылданады.

Қосымша ақпаратты келесі телефон нөмірлері арқылы алуға болады: +7 (701) 716-78-33 Алмаз, +7 (701) 053-88-78 Арыстан, +7 (705) 542-45-40 Өмірсерік.

қосымшалар Алматы.docx