Алматы облысының 2025 жылға арналған тұрақтандыру қорын қалыптастыру шеңберінде «Қонаев» ӘКК» АҚ әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын форвардтық сатып алуға коммерциялық ұсыныстарды қабылдайтыны туралы хабарлайды, оның ішінде:
– ақ қант-түйіршіктелген қант - 1500 тонна;
- қарақұмық жармасы (өзегі, өлшемді) - 20 тонна;
- рожки (өлшемді) - 20 тонна;
- күнбағыс майы - 100 000 л;
- ас тұзы («Экстрадан» басқа) - 20 тонна.
Форвардтық сатып алудың негізгі шарттары:
1) Жеткізу шартының бүкіл қолданылу кезеңіне сатып алудың тіркелген бағасы;
2) Тапсырыс берушінің өтінімі бойынша тауарды жеткізу;
3) Жеткізушінің өтінімінде көрсетілген Тапсырыс берушінің қоймасына дейін жеткізу;
4) Тауарды Жеткізушінің қоймасында сақтау;
5) Тауар үшін төлем-аванстық төлем сомасына тауардың және/немесе оны өндіру үшін шикізаттың қажетті көлемінің қоймаларда болуын растайтын анықтамалар не өзге де құжаттар ұсынылған жағдайда шарт сомасының 70%-ы мөлшерінде жүргізілетін алдын ала төлем;
Жеткізушіге қойылатын негізгі шарттары:
Ұсыныстар хабарландыру орналастырылған күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде мына мекенжай бойынша қабылданады: Қонаев қаласы, 18 шағын ауданы, Құрманғазы көшесі, 31 немесе эл.мекен-жайы: spk.qonaev@gmail.com.
Коммерциялық ұсыныстарды Алматы облысының әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру тетіктерін қамтамасыз ету жөніндегі комиссия қарайтын болады.
Қосымша ақпарат: 8 771 400 75 26, «Қонаев» ӘКК» АҚ Азық-түлік қауіпсіздігі департаменті.