Алматы облысының агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің назарына!
«Қонаев» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы «Алматы облысында өсімдік шаруашылығын дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған жоспары» бағдарламасына қатысу үшін Алматы облысының агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінен өтінімдерді алдын ала қабылдауды жариялайды. Бағдарламаға Алматы облысында тіркелген агроөнеркәсіптік кешен субъектілері қатыса алады.
Өтініштерді қабылдау мерзімі мен саны шектеулі. Өсімдік шаруашылығы саласындағы жобаларды қаржыландыру, іріктеу тәртібін «Қонаев» ӘКК» АҚ құрамындағы ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, мәслихат депутаттары, «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы, қоғамдық бірлестіктер, бизнес өкілдері бар жобаларды іріктеу үшін уәкілетті Комиссия жүзеге асырады.
Қаржыландырудың нысаналы мақсаты
1) АӨК-нің жаңа инвестициялық жобаларын құру немесе жұмыс істеп тұрғандарын кеңейту үшін, оның ішінде: көкөніс сақтау қоймаларын (1000 тоннадан бастап), суармалы егіншілікті (картоп пен көкөніс өсіру, жемшөп өндіру) қазіргі заманғы су үнемдеу технологияларын (шашырату, тамшылатып суару) және өсімдік шаруашылығы салаларын дамытуға бағытталған басқа да инвестициялық жобаларды пайдалана отырып қажетті жабдықтарды сатып алу.
2) ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу.
Бір жоба бойынша қаржыландыру сомасы:
1) отандық немесе шетелдік өндірістің ауыл шаруашылығы техникасы – комиссияның шешімі бойынша;
2) отандық немесе шетелдік өндірістің жабдығы - бір лизинг алушыға 3 000 млн. теңгеден аспайды;
3) су үнемдеу технологиялары -1 гектарға 1 млн.теңгеден аспайды, жер телімінің ауданы 10-нан 100 гектарға дейін.
Қаржыландыру шарттары:
1) қаржыландыру мерзімі 5 (бес) жылға дейін;
2) негізгі борышты қайтару бойынша 1 (бір) жылға дейінгі жеңілдікті кезең;
3) кепілмен қамтамасыз етудің болуы – (қамтамасыз етудің кепіл құны серіктестің міндеттемелерін 100% көлемінде жабуға тиіс;
Жобаларды іріктеудің негізгі қағидалары:
-әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының импортты алмастыруын ескере отырып, салалық орындылығы;
- өңір тұрғындарын сапалы және қолжетімді азық-түлікпен қамтамасыз ету;
- уақытша және тұрақты жұмыс орындарын құру;
- ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру немесе қайта өңдеу саласында кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;
- соңғы 36 айда несиелік және лизингтік міндеттемелер бойынша мерзімі өткен берешектің 90 күннен артық болмауы;
- ауыл шаруашылығы алқаптарының қажетті алаңының болуы;
- жобаны іске асыру үшін инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымның болуы.
Қамтамасыз етудің негізгі талаптары:
1) кепіл заты айналымнан алынбаған мүлік болуға тиіс;
2) кепіл берушіде құқық белгілейтін, сәйкестендіру және өзге де құжаттармен расталған кепіл нысанасына белгіленген құқықтардың болуы;
3) қарыз алушы міндеттемелерді толық орындағанға дейін кепіл нысанасының болуын және сақталуын бақылауды жүзеге асыру мүмкіндігі;
4) кепіл нысанасының өтімділігі;
5) кепіл нысанасын сәйкестендіру мүмкіндігі;
6) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі;
7) басқа жеке және/немесе заңды тұлғалар алдында кепіл нысанасына байланысты ауыртпалық құқығының және кепіл міндеттемелерінің болмауы;
8) қарыз алушы несие беру туралы келісімшарт бойынша міндеттемелерді орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда мүлікті кепілге беруге, сондай-ақ оны соттан тыс өткізуге барлық меншік иелерінің келісімі;
9) кепіл беруші Қазақстан Республикасының резиденті болуға тиіс;
10) кепіл келісімшартының қолданылу мерзіміне кепіл нысанасына құқық белгілейтін құжаттардың түпнұсқаларын немесе түпнұсқасыз оларды одан әрі пайдалану мүмкін болмайтын құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелерін кепіл ұстаушыға беру;
11) кепіл заты Қазақстан Республикасының аумағында болуға тиіс;
12) өндіріс процесінде экономикалық және/немесе заңды түрде байланысты барлық объектілерді кепілге алу жолымен қамтамасыз етудің кешенділігін сақтау.
Өтінімдерді қабылдау орны: Алматы облысы, Қонаев қаласы, Құрманғазы көшесі, 31 үй мекенжайында орналасқан «Қонаев» ӘКК» АҚ .
Анықтама үшін байланыс телефондары: +77055055720, +77017909000, +77477444492, «Қонаев» ӘКК» АҚ инвестициялық жобаларды іске асыру және активтерді басқару департаменті.