Баспасөз орталығы

23.12.2024

Алматы қаласында «Қонаев» ӘКК» АҚ активін басқаруға өтініштерді қабылдау туралы хабарландыру (аяқталды)

Құрметті кәсіпкерлер!


«Қонаев» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі — «Қонаев» ӘКК» АҚ) мүдделі кәсіпкерлерді (бұдан әрі — өтініш берушілерді) активті басқаруға іріктеуге қатысуға шақырады.

Актив сипаттамасы:

Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Желтоқсан көшесі, 112 мекенжайында орналасқан 5 қабаттан тұратын әкімшілік ғимарат. Ғимараттың жалпы ауданы 4 400 ш.м. құрайды, оның жалпы ауданы 1 994,6 ш.м. тұратын 1-ші, 2-ші және 3-ші қабаттарын жалға алуға болады:

  • 1- қабат: 361,4 ш.м;
  • 2- қабат: 688,4 ш.м;
  • 3- қабат: 944,8 ш.м.

Басқару мақсаты:

  • Әкімшілік ғимаратты тиімді пайдалану.
  • Өтініш беруші мен «Қонаев» ӘКК» АҚ арасында пайданы кейіннен бөле отырып, табыс генерациясы.

Сенімгерлік басқару шарттары:
Активті беру

  1. Әкімшілік ғимарат Өтініш берушіге сатып алу құқығынсыз басқаруға келесдей міндеттемелермен беріледі:
  2. активті сақтау және дамыту.
  3. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын ескере отырып, активті басқару мақсаттарына сәйкес пайдалану.
  4. пайданы генерациялау және оны «Қонаев» ӘКК» АҚ қатысу үлесіне пропорционалды бөлу.

Өтініш Берушінің міндеттері

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Өтініш беруші:

  • ғимаратты дамытуға және пайдалануға қажетті инвестицияларды жүзеге асыру.
  • басқару шартының талаптарын Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне толық сәйкес орындау.
  • еңбекті қорғау, қауіпсіздік, экология, сондай-ақ салық салу жөніндегі талаптардың орындалуын қамтамасыз ету.
  • қызмет туралы тұрақты есептер мен активтің жай-күйі туралы ақпарат беру.
  • табыс алу үшін оны тиімді пайдалануды қамтамасыз ете отырып, активті «Қонаев» ӘКК» АҚ мүддесіне сақтау және дамыту.

    Өтініш берушілерді іріктеу келесідей критерийлер бойынша бағаланатын болады:
  • өтініш берушінің қаржылық жағдайы.
  • активтерді басқарудың ұсынылған тәсілінің рентабельділігі мен болашағы.
  • ұсынылған бизнес-жоспардың сапасы.

Өтініш беру шарттары:

Іріктеуге қатысу үшін мыналарды ұсыну қажет:

  • Белгіленген үлгідегі өтініш.
  • Бизнес-жоспар.
  • Өтініш берушінің қаржылық тұрақтылығын растайтын құжаттар.

Қосымша ақпаратты келесі телефон нөмірлері арқылы алуға болады: +7 (701) 716-78-33 Алмаз, +7 (701) 053-88-78 Арыстан, +7 (705) 542-45-40 Өмірсерік.