«Қонаев» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы 2 (екі) жыл мерзімге одан әрі ұзарту шартымен Қоғамның жер учаскесінде әлеуметтік павильонды (стационарлық емес сауда нысанын) ұйымдастыруға конкурс жариялайды.
Конкурстың негізігі талабы - «Қонаев» ӘКК» АҚ тұрақтандыру қорының әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын бірлескен қызмет туралы шартқа сәйкес ҚҚС қоса алғанда, сауда үстемеақысының 10%-дан аспайтын белгіленген бағамен сату.
Ашық конкурсқа өтінімдерді қабылдау мерзімі - жарияланған күннен бастап 30 күнтізбелік күн. Конкурсқа қатысуға өтінімдер: Алматы облысы, Қонаев қаласы, 18 шағын аудан, Құрманғазы көшесі №31 ғимарат мекен-жайы бойынша қабылданады.
Ашық конкурсты өткізудің шарттары мен рәсімдері туралы «Қонаев» ӘКК» АҚ Жандос Турысбековке +7 777 156 15 39 хабарласуға болады.
Алматы облысы Қонаев қаласында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сату бойынша "Қонаев "ӘКК" АҚ әлеуметтік павильондарын орнату үшін жоспарланған жер учаскелерінің тізімі
№ |
Учаскенің орналасқан жері |
Кадастрлық нөмір |
1 |
2 шағын аудан, №8 үйдің оңынан,"Салтанат" аялдамасына қарама-қарсы |
03:055:001:1903 |
2 |
2 шағын аудан, №1 үйдің соңынан, "STS"автомагистраліне қарама-қарсы |
03:055:001:1901 |
3 |
5 шағын аудан, Абай көшесіндегі Қонаев қалалық емханасының автотұрағының жанында |
03:055:001:1904 |
4 |
"Спутник" шағынауданы, Сейфуллин көшесі №1 үйінің жанында, "Бригантина" дүкенінің жанында |
03:055:003:2322 |
5 |
"Строитель" ПКСО (№4 саяжай), "Ақжол"дүкенінің жанында |
03:055:012:1763 |