Баспасөз орталығы

20.01.2025

Тұрақтандыру қорының өнімдері демалыс күнгі жәрмеңкеде де сатылады

«Қонаев» ӘКК» АҚ-ы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндірушілермен бірлесіп, Қонаев қаласының әкімдігі ұйымдастырған ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне белсенді қатысты. Жәрмеңке қала орталығындағы «Айша Сити» базарының аумағында орналасқан.

Жалпы жәрмеңкеде нарықтық бағадан 15-20% төмен бекітілген бағада 5 890 кг азық-түлік өнімі сатылды.

«Қонаев» ӘКК» АҚ-ның тұрақтандыру қорынан халыққа 740 кг қарақұмық жармасы, күріш, қант, 1-сұрыпты бидай ұны, макарон өнімі – рожки, күнбағыс майы сияқты азық-түлік өнімдері сатылды.

«QARASAZ FOOD» ЖШС-нің сүт өнімдері өндірушінің бағасымен 150 кг көлемінде сатылды.

«Компания «Сары-Булак» ЖШС-нің құс фабрикасымен қала тұрғындары үшін бағасы 500 теңге/ондық 7 200 дана тауық жұмыртқасы сатылды.

«Бақыт» ШҚ-мен 1 кг үшін бағасы 150 теңгеден 5 тонна көлемінде картоп сатылды.