Алматы облысында бұл бағыттағы құралдарды іске асырумен «Қонаев» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ айналысады.
Механизмді табысты жүзеге асырудың жарқын мысалы – Алатау қаласында орналасқан «NAURYZ AGRO KZ» құс фабрикасымен ынтымақтастық. 2022 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан кәсіпорында күніне 15 тоннаға дейін салқындатылған тауық еті өндіріледі. Мұнда 350-ден астам адам еңбек етеді. Жеңілдетілген несиелеу бағдарламасына қатысудың арқасында фабрика екінші жыл қатарынан аймаққа тауық етін нарықтық бағадан орта есеппен 10% арзан бағамен жеткізуде.
«Қонаев» ӘКК-мен жасалған келісім аясында біз 0,01% мөлшерлемемен жеңілдетілген қаржыландыру алдық. Бұл қаражатқа жем-шөп, дәрі-дәрмек пен вакциналарды алдын ала сатып алып, өнімнің өзіндік құнын тұрақты ұстап тұруға мүмкіндік бар. Біз жеткізілетін көлемді алдын ала жоспарлап, облысқа белгіленген баға бойынша жеткізуге кепілдік береміз», – дейді «NAURYZ AGRO KZ» ЖШС басшысы Наим Турдиев.
2025 жылы «Қонаев» ӘКК тұрақтандыру қоры аясында құс фабрикасымен 140 тоннадан астам тауық етін жеткізуге шарт жасасты. Өнімдер өңірдегі ірі супермаркеттерде, әлеуметтік павильондарда және «әлеуметтік сөрелер» ұйымдастырылған сауда нүктелерінде сатылуда.
«Соңғы екі жылда біз әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өндіретін 40-тан астам кәсіпорынды қаржыландырдық. Жыл сайын халыққа 11 мың тоннаға дейін өнім белгіленген бағамен жеткізіледі», – дейді «Қонаев» ӘКК азық-түлік қауіпсіздігі департаментінің директоры Дианна Мұқашева.
2025 жылы тұрақтандыру қорын толықтыру мақсатында қосымша 130 тонна сиыр еті, 800 тонна картоп (2026 жылғы маусымаралық кезеңге), 480 тонна ерте піскен көкөніс және 700 тонна бірінші сортты ұн келісімшарт бойынша сатып алынды.
Осы шаралар арқылы өңірде баға тұрақтылығы мен халық үшін негізгі азық-түлік қолжетімділігі қамтамасыз етілуде.