Баспасөз орталығы

04.06.2024

Тұрақтандыру қорында 2431 тонна азық түлік бар

«Қонаев» ӘКК міндетіне әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдеріне (ӘМАТ) бағаны тұрақтандыру кіреді. Оларға мыналар жатады: ұн, нан, қарақұмық, күріш, қант, жұмыртқа, тұз, күнбағыс және май, ет, сүт өнімдері және көкөністердің жекелеген түрлері. ӘМАТ азық-түлік себеті барлығы 19 өнім атауынан тұрады. 

«ӘМАТ бағасын тұрақтандыру, тұрақтандыру қорын қалыптастыру жолымен, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілеріне жылдық 0,01% жеңілдікті қарыз беру арқылы жүргізіледі. Тұрақтандыру қоры азық-түлік бағасының өсуін тежеуге бағытталған шаралардың бірі ғана. Бүгінгі таңда Алматы облысының тұрақтандыру қоры 2 431 тонна азық - түлік өнімі көлемінде құрылды», - деді Азық-түлік қауіпсіздігі департаментінің директоры Дианна Мукашева АБҚ алаңындағы БАҚ-на арналған баяндамасында. 

Өңірде 42 сауда нүктесі бар, олармен ӘКК әлеуметтік маңызы бар өнімдерді сату бойынша агенттік келісімдер жасасты. Олардың көпшілігі (25) облыс орталығында жұмыс істейді. Сондай-ақ, сауда нүктелері Іле, Қарасай, Еңбекшіқазақ, Талғар, Райымбек және Кеген аудандарында жұмыс істейді. Жеңілдетілген қарыздар беруге, тұрақтандыру қорын қалыптастыру үшін биыл 4,97 млрд теңге бөлінді. Осы қаражаттан 14 тауар өндірушісі жалпы сомасы 2,7 млрд теңгеге қаржыландырылды. Өндірушілерден 9748 тонна өнім және 12 млн жұмыртқа сатып алынды. Оның ішінде нарықтық бағадан 10-15% - ға төмен белгіленген бағамен халыққа сатылатын 3763 тонна көкөніс өнімінің қоры қалыптастырылды. 

«Бағаны тұрақтандыру аясында, біз «Боролдай-нан» ЖШС-мен Қонаев қаласының дүкендеріне бір бөлке үшін 133 теңге бағамен әлеуметтік нан жеткізу бойынша келісім жасадық. Бұдан басқа, «айналым схемасы» бойынша өңірдің наубайханаларында өндірушілер бірінші сұрыпты ұнды бір килограмы үшін 150 теңгеден аспайтын белгіленген бағамен сатады. Қазір біз өңірде әлеуметтік сауда павильондарын құру бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Айталық, облыс орталығында біздің корпорацияның балансына 3 жыл мерзімге уақытша өтеулі қысқа мерзімді пайдалану құқығымен 7 жер телімі берілді», - деп атап өтті ӘКК өкілі.