Баспасөз орталығы

27.03.2025

Саймасай ауылында бөдене фермасы іске қосылды

Еңбекшіқазақ ауданы, Саймасай ауылында Rancho Assorti ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі ашқан бөдене фермасы жұмысын бастады. Жоба ауыл кәсіпкерлерін қолдауға бағытталған «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында жүзеге асырылды.

Бизнестің басталуы

Кооперативтің негізін қалаушы Абыл Ақынов құс шаруашылығының даму перспективаларын екі жыл зерттеп, 400 бөдене сатып алуға шешім қабылдады. Біраз уақыттан кейін ол Алматыдағы мейрамханалардың біріне өнім жеткізе бастады. Алайда бизнесті кеңейту үшін қосымша инвестиция қажет болды.

Ауылдық округ әкімі кеңесімен кәсіпкер «Ауыл Аманаты» бағдарламасына қатысуға өтінім беріп, бірлескен кооператив құру үшін серіктестер тапты.

Льготты несие алғаннан кейін фермерлер инкубатор, балапан өсіруге арналған брудерлер, желдеткіш жүйесі, генератор, тоңазытқыш, вакууматор және бөденені сою мен өңдеуге арналған жабдықтар сатып алды.

Ферма қалай жұмыс істейді?

Бүгінде кооперативтің екі құсханасында 5000-ға жуық бөдене бар. Фермерлер өндірістің толық циклін жолға қойды: жұмыртқаны инкубациялаудан бастап, алғашқы өнімді шығаруға дейін.

Процесс 46 күнге созылады:
• 17 күн – инкубация,
• 21 күн – балапандарды брудерде өсіру,
• одан кейін бөденелер торларға ауыстырылып, жұмыртқа баса бастайды.

Бір бөдене айына орта есеппен 25 жұмыртқа береді. Жоғары өнімділікке қол жеткізу үшін фермерлер Қонаев қаласындағы «Алель Агро» зауытының арнайы құрама жемін пайдаланады.

Экономикалық тиімділік пен болашағы

Абыл Ақыновтың айтуынша, жобаның жалпы құны – 29 млн теңге.
”«Ауыл аманаты» бағдарламасы арқылы біз қаржылай қолдау алып, «Қонаев» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясынан кәсіби кеңес алдық. Қажетті құжаттарды жылдам жинап, несие рәсімдеп, жобаны қысқа мерзімде іске асырдық. Біз екі жыл ішінде өзін-өзі ақтаймыз деп есептейміз. Бөдене фермасы ауылға тек пайда әкеледі: табыс, жаңа жұмыс орындары және халыққа сапалы әрі пайдалы өнім”, – дейді кәсіпкер.

Алматы облысында «Ауыл аманаты» бағдарламасы сәтті жүзеге асырылуда. 2023 жылдың көктемінде басталған сәттен бері 8,5 млрд теңге игерілді, ал өткен жылдың желтоқсанында қосымша 2,5 млрд теңге бөлінді.

Ауыл тұрғындары үшін жаңа мүмкіндіктер

Бағдарлама 2,5% жеңілдік мөлшерлемесімен 5-7 жылға несие алуға мүмкіндік береді. Қаржы мал мен құс сатып алуға, жылыжай шаруашылығын дамытуға, ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеуге, сондай-ақ басқа да бизнес түрлеріне жұмсала алады.

2025 жылы фермерлер үшін максималды несие сомасы – 9,8 млн теңге, ал кооперативтер үшін – 31,5 млн теңгеге дейін. Сондай-ақ, екі жылға дейінгі жеңілдік кезеңі қарастырылған, ал кепіл ретінде ауылдық жылжымайтын мүлік қабылданады.

«Ауыл аманаты» бағдарламасы ауыл кәсіпкерлеріне қаржыландырудан бөлек, аймақтардағы өмір сапасын жақсартуға нақты мүмкіндік беріп отыр.