Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына маусымаралық бағаны тұрақтандыру үшін ӘКК қоймаларынан төмендетілген бағамен көкөністер, сүт және бакалея өнімдері сатылады. Ағымдағы жылдың 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша ӘМАТ бағасын тұрақтандырудың екі тетігі бойынша 13 425 тонна өнім мен 21 млн жұмыртқаға, оның ішінде 2025 жылғы маусымаралық кезеңге 3719 тонна көкөніс өніміне келісімшарт жасалды.
- Өткен кезеңде өңірдің тұрақтандыру қорынан өндірушілер 11 059 тонна ӘМАТ және 20 млн жұмыртқа сатты, оның ішінде 2024 жылғы маусымаралық кезеңде (қыс-көктем және жаз) 3 763 тонна көкөніс өнімі белгіленген бағамен сатылды, - деп атап өтті «Қонаев» ӘКК Азық-түлік қауіпсіздігі департаментінің директоры Дианна Мукашева.
Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша Алматы облысы бойынша жылдық инфляция деңгейі 2024 жылғы қарашада 2023 жылғы қарашаға қарай 6,5% (ҚР – 8,4%) құрады. Облыстағы жылдық инфляция деңгейі республика бойынша ең төмен деңгейдің бірі (ҚР-да 2 орын).
Бүгінгі таңда әлеуметтік маңызы бар 19 тауардың ішінен жыл басынан бері бағалар 12 атауға, орташа есеппен 8% – ға өсті (сүт 4,9% – ға, айран - 3,4% –ға, май 17% –ға, сүзбе-8,5% -ға, сиыр еті-2,8% -ға, тауық еті-1,2% -ға, картоп-18,2% -ға, пияз - 27%, қырыққабат – 4,8%, қант – 3,1%, тұз-2,5%, рожки-2,5%). Сонымен қатар, бағалар ӘМАТ-тың 5 атауына орта есеппен 11,8%-ға төмендеді (бірінші сұрыпты ұн - 9,8%, сәбіз - 15%, ұнтақталған күріш – 4,4%, қарақұмық жармасы - 23,9%, күнбағыс майы – 6,3%), жыл басынан бері 1 санатты жұмыртқаның бағасы тұрақты.
Бұл өнімдердің барлығын қол жетімді бағамен және жеткілікті мөлшерде әлеуметтік дүкендер мен дүкеншіктерде, сондай-ақ Қонаев қаласындағы ауылшаруашылық жәрмеңкесінен сатып алуға болады. Облыс бойынша ӘКК мен азық-түлік дүкендері арасында барлығы 40-тан астам агенттік келісім жасалды. Оның ішінде 25 сауда нүктесі облыс орталығында орналасқан. Тұрақтандыру қорының өнімдерінің бағасы бекітілген және ӘКК серіктестерінде нарықтық бағадан орта есеппен 10-15% - ға төмен сатылады.
Қабылданған шаралар тиімді және Алматы облысында азық-түлік инфляциясының деңгейін тежеуге мүмкіндік береді. Жақында Алматы облысы мәслихатының депутаттары «Қонаев» ӘКК» АҚ-ның Алматы облысындағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру тетіктерін іске асыру жөніндегі есебін қабылдады.
Мәслихаттың ауыл шаруашылығы, жер қатынастары, ветеринария және экология мәселелері және индустриялық-инновациялық даму, шағын және орта бизнесті қолдау, туризм мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшелері жеңілдетілген несие беру шеңберінде өңірлік тұрақтандыру қорын қалыптастыру және пайдалану және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының қорларын контрактациялау жөніндегі 2024 жылдың қорытындыларын тыңдады.