Баспасөз орталығы

10.01.2024

«Қонаев» ӘКК халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуде

Алматы қаласында ӘКК басшылығының «SMITA Global» шағын және орта бизнестің халықаралық сауда қауымдастығының өкілдерімен кездесуі өтті. Бұл халықаралық ұйым АСЕАН-ның (Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттерінің қауымдастығы) ресми серіктесі болып табылады. Ұйым мүшелері: Бруней Даруссалам, Вьетнам, Индонезия, Камбоджа, Лаос, Малайзия, Мьянма, Сингапур, Тайланд, Филиппин. 

Шетелдік серіктестер өңірлік ынтымақтастықты кеңейтуге және жаңа нарықтарға шығуға қызығушылық танытуда. Оларды ОА мемлекеттерімен, атап айтқанда, Алматы облысымен сауда-инвестициялық өзара іс-қимыл жасау мүмкіндіктері қызықтырады. Кездесу барысында «Қонаев» ӘКК» АҚ Басқарма Төрағасы Мұрат Абдығұлов корпорацияның қолда бар мүмкіндіктерін таныстырып, "SMITA Global" Президенті Меган Су айтқан әлеуетті инвесторлардың сұрақтарына жауап берді. Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықты одан әрі кеңейту туралы ниеттерін білдірді.