Алматы облысында әлеуметтік дүкендер мен шағын дүкендер саны артып келеді
«Қонаев» ӘКК» АҚ әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сату желісін кеңейту бойынша жұмыс жүргізуде. Бүгінгі таңда өңірде азық-түлік дүкендерімен 43 агенттік келісім жасалды. Осы саннан 25 сауда нүктесі облыс орталығында орналасқан. ӘКК серіктестерінде тұрақтандыру қорының өніміне баға белгіленді және орташа алғанда нарықтық бағадан 10-15 пайызға төмен. Сондай-ақ, бағаның өсуін тұрақтандыру үшін әлеуметтік сөрелерге «айналым схемасы» бойынша тартылған өндірушілердің өнімдері жеткізіледі.
Зейнеткер Галина Садыкова Қонаев қаласында 1969 жылдан бері тұрады. ЖОО-ны бітіргеннен кейін бөлу бойынша Қапшағай СЭС құрылысына келді. Биыл оның үйінің жанында әлеуметтік дүкен ашылды. Және ол үшін «баға-сапа» қағидаты бойынша Хан Тәңірі дүкенінен азық-түлік сатып алудың артықшылықтары сезіледі.
«Біздің ауданда осындай дүкен пайда болғанына өте қуаныштымын. Бұл өте ыңғайлы және тиімді. Барлық қажетті өнімдер қолайлы бағамен қол жетімді. Сүт өнімдері арзанырақ және әрқашан балғын», - деп атап өтті Галина Садыкова.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 19 атауына мыналар жатады: нан, бірінші сұрыпты бидай ұны, макарон өнімі, күріш, қарақұмық, күнбағыс майы, тұз, қант, сиыр еті, тауық еті және жұмыртқа. Көкөністерден пияз, картоп, қырыққабат. Сүт өнімдеріне май, айран, сүзбе және пастерленген сүт кіреді.
«Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру тұрақтандыру қорын қалыптастыру жолымен, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілеріне жылдық 0,01% - бен «айналым схемасы» бойынша жеңілдікті қарыз беру арқылы жүргізіледі. Сонымен қатар, нарықтық бағаларға реттеуші ықпал көрсетуге қатысты тұрақтандыру қоры азық - түлік бағасының өсуін тежеуге бағытталған шаралардың бірі ғана екенін атап өткен жөн», - деп бөлісті «Қонаев» ӘКК» азық-түлік қауіпсіздігі департаментінің директоры Дианна Мукашева.
Департамент қызметкерлері нарықтағы жағдайды үнемі қадағалап отырады. Дәстүр бойынша, ӘМАТ санатындағы тауарлардың бағасы жазғы маусымда және маусымнан тыс уақытта өзгере бастайды. ӘКК-нің белгіленген бағасының арқасында сатып алушылар сапалы өнімдерді сатып алуға және үнемдеуге таңдауы бар. Мысалы, сары май әлеуметтік дүкендерде кг үшін 3 700 теңгеден, картоп 185 теңге/кг, түйіршіктелген қант 382 теңге/кг сатылады.
Бағаның өсуін тежеу мақсатында жеңілдетілген қарыздар беруге биыл 4,97 млрд теңге бөлінді.
Қазіргі уақытта Алматы облысында әлеуметтік дүкендер келесі сауда нысандарында жұмыс істейді:
Қонаев қаласы:
1) «№1 Әлеуметтік дүкен», «Айша Сити» базарының жанында;
2) «№1 Әлеуметтік дүкен», Қонаев к-сі, 1- шағын ауданы, №14 үйдіңы жанында;
3) «Magnum Сash&Сarry» супермаркеті, Қонаев к-сі 4;
4) «Аян» дүкені, 4-шағын ауданы, №4 үй;
5) «Хан тенгри» дүкені, 5 -шағын ауданы, №16 құрылысы;
6) «Азамат» дүкені, Жамбыл даңғылы, №9А құрылысы;
7) «Продукты» дүкені, 2 -шағын ауданы, №3А үйдің жанында;
8) «Сымбат» дүкені, 19 -шағын ауданы, №1 құрылысы;
9) «Мадина» дүкені, 1 -шағын ауданы, №39/1 құрылысы;
10) «Чайка» дүкені, Жамбыл даңғылы, №14/1 құрылысы;
11) «На Юбилейном» дүкені, 3-шағын ауданы, 5/1 құрылысы;
12) «Бахтияр» дүкені, 3-шағын ауданы, 16 үй, 61 құрылысы;
13) «Волна» дүкені, Арна шағын ауданы, 62 құрылысы;
14) «Шавдор» дүкені, 2 шағын ауданы, 37 үй;
15) «Дастархан» дүкені, 3 шағын ауданы, 1/59 үй.
Қонаев қаласы, Шеңгелді а.:
1) «Бастау» дүкені, Жиенқұлов к-сі 10/8;
2) «Адал» дүкені, Жиенқұлов к-сі 10/7;
3) «Каусар» дүкені, Бақтыбай Ақын к-сі 10/2;
4) «Сенім-маркет» дүкені, Жиенқұлов к-сі 10/3.
Қонаев қаласы, Заречное а.: «Назгүл» дүкені, Школьная к-сі 2/1.
Іле ауданы: «Назира» дүкені, Жетіген а., Валиханов к-сі 17.
Талғар ауданы: «Оптовка» дүкені, Талгар қ., Наурызбай батыр к-сі
Қарасай ауданы: «Green» супермаркеті, Рахат а., Алматы-Астана трассасы 32км.