Баспасөз орталығы

06.02.2025

Ауыл шаруашылық өнім өндірушілерімен көшпелі кездесулер

Іс-шара барысында жиналғандарға "Қонаев"Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясымен ынтымақтастық мүмкіндіктері туралы түсіндірілді.

«Қонаев» ӘКК» АҚ-ның Азық-түлік қауіпсіздігі департаменті мен Мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру департаментінің мамандарымен әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларына өндірушілері мен сауда объектілеріне жеңілдікпен 0,01%-ға несие беру, Алматы облысы тұрақтандыру қорының ӘМАТ-ын халыққа нарықтық бағадан 10-15% төмен белгіленген бағада сату бойынша бөлшекті сауда субъектілерімен әріптестікке отыру, сондай-ақ ауыл халқының табысын арттыруға «Ауыл Аманаты» бағдарламасының негізгі шарттары мен бағыттары туралы ақпарат берілді.

Алматы облысы әкімінің 2025 жылғы 13 қаңтардағы № 1 хаттамалық тапсырмасын орындау мақсатында, 2025 жылдың 04 ақпанынан бастап Алматы облысының Кәсіпкерлер Палатасының ұйымдастыруымен облыстың ауылдық елді мекендерінде ауыл шаруашылығы саласындағы кәсіпкерлермен көшпелі кездесулер басталды. Аталған жиналыстарға «Қонаев» ӘКК» АҚ, Алматы облысының ауыл шаруашылық басқармасы, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ның филиалдары, ауыл шаруашылық техникасы мен агрегаттарын сататын лизингтік компаниялар.

Кездесулер Райымбек және Кеген ауданында – 04.02.25ж., Еңбекшіқазақ ауданында – 05.02.25ж., Талғар және Іле ауданында – 06.02.25ж. өткізілді, Қарасай ауданында – 12.02.25ж. жоспарланған.