Баспасөз орталығы

05.06.2024

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!

«Қонаев» ӘКК» АҚ әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандыру мақсатында, кәсіпкерлік нысандарымен бірлесіп Алматы облысында әлеуметтік бөлімдер мен дүкендерді ашу жұмыстарын жалғастыруда. Жасалған үшжақты агенттік келісімдер аясында бөлшек сауда нысандары әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерін халыққа нарықтық бағадан 10-15%-ға төмен белгіленген бағамен сатады. 2024 жылдың 04 маусымына Алматы облысының аудандар мен қалалардағы сауда нүктелерімен 43 агенттік келісім жасалды (Қонаев-25, Іле-6, Қарасай-3, Еңбекшіқазақ-3, Талғар-2, Райымбек-2, Кеген-1, Балқаш-1). «Қонаев» ӘКК» АҚ-ы тұрақтандыру қорының әлеуметтік тауарлары сауда орындарының өтінімдерінде көрсетілген тізім мен көлем бойынша жеткізіледі. 

Қазіргі уақытта Алматы облысында әлеуметтік бөлімдер келесі сауда нысандарында жұмыс істейді: 

Қонаев қаласы: 

1) «№1 Әлеуметтік дүкен», «Айша Сити» базары; 

2) «№1 Әлеуметтік дүкен», Қонаев көшесі, 1 шағын ауданы, №14 үйдің жанында; 

3) Супермаркет «Magnum Сash&Сarry», Қонаев көшесі 4; 

4) «Аян» дүкені, 4 шағын ауданы, №4 ғимарат; 

5) «Хан Тенгри» дүкені, 5 шағын аудан, №16 ғимарат; 

6) «Азамат» дүкені, Жамбыл даңғылы №9А ғимарат; 

7) «Продукты» дүкені, 2 шағын ауданы, №3А үйінің жанында; 

8) «Сымбат» дүкені, 19 шағын ауданы, №1 ғимарат; 

9) «Мадина» дүкені, 1 шағын аудан, №39/1 ғимарат; 

10) «Чайка» дүкені, Жамбыл даңғылы №14/1 ғимарат; 

11) «На Юбилейном» дүкені, 3 шағын аудан, №5/1 ғимарат; 

12) «Бахтияр» дүкені, 3 шағын аудан, 16 үй, №61 ғимарат; 

13) «Волна» дүкені, «Арна» шағын аудан, №62 ғимарат; 

14) «Шавдор» дүкені, 2 шағын аудан, 37 үй; 

15) «Дастархан» дүкені, 3 шағын аудан, 1/59 үй; 

Қонаев қаласы, Шеңгелді ауылы: 

1) «Бастау» дүкені, Жиенқұлов көшесі 10/8; 

2) «Адал» дүкені, Жиенқұлов көшесі 10/7; 

3) «Каусар» дүкені, Бақтыбай Ақын 10/2; 

4)«Сенім-маркет» дүкені, Жиенқұлов көшесі 10/3. 

Қонаев қаласы, Заречный ауылы: «Назгуль» дүкені, Школьная көшесі 2/1; 

Іле ауданы: «Назира» дүкені, Жетіген ауылы, Уәлиханов көшесі 17. 

Талғар ауданы: «Оптовка» дүкені, Талғар қаласы, Наурызбай батыр көшесі 3. 

Қарасай ауданы: «Green» супермаркеті, Рахат ауылы, Алматы-Астана 32км.